Өткізу күндері:
28 сәуір, 2025
Өтетін жері:
Түркістан қ., «Olympic center» спорт алаңы

Ережелер мен талаптар

Арқан тарту жарысы екі тартыстан тұрады. Әрбір тартыстағы жеңіс үшін командаға 1 ұпай беріледі. Егер матч 2:0 есебімен аяқталса, жеңімпаз командаға 3 ұпай жазылады. Жеңілген командаға ұпай берілмейді.

Әр тартыс алдында командалар арқанды қолына ұстап, бастапқы орнына тұрады.

Бұл ретте келесі ережелер сақталуы тиіс:

  • Арқанды тек жалаң қолмен ұстауға рұқсат етіледі;

  • Магнезия немесе канифольді қолдануға рұқсат беріледі;

  • Төрешінің белгісі бойынша командалар арқанды өз жағына қарай тартуды бастайды;

  • Егер арқандағы шеткі белгі бақылау сызығынан өтсе — сол команданың жеңілгені болып есептеледі;

  • Тартыстың аяқталғаны төрешінің ысқырығы және қолымен жеңімпаз жаққа көрсетілген белгі арқылы хабарланады;

  • Арқанның шеткі белгісі орталық сызықтан қарсы жаққа тартылған жағдайда команда жеңіске жеткен болып танылады;

  • Егер қарсылас команда дисквалификацияланса, жеңіс автоматты түрде екінші командаға беріледі.

  1. Команда құрамы

Жарысқа тек ер адамдардан құралған командалар қатысады.

Команда құрамы: негізгі құрамда — 6 ойыншы, қосымша (запас) құрамда — 2 ойыншы.

  1. Арқан тарту жарысының техникалық ережелері

1) Арқанды ұстау тәртібі:

  • Ешбір спортшы арқанның сыртқы белгілермен (таспалармен) шектелген бөлігінен ұстауға тиіс емес. Әрбір тартыстың басында команданың бірінші спортшысы арқанды сыртқы белгіге барынша жақын жерден ұстауы қажет;

  • Арқанда түйін, ілмек жасауға, сондай-ақ оны дененің кез келген бөлігімен қысып ұстауға жол берілмейді. Арқанды өз осіне айналдыру ілмек жасаумен тең. Тартыс басталған сәтте арқан тартылған күйде болуы тиіс және оның орталық белгісі алаңдағы орталық сызықпен дәл келуі қажет.

2) Тартыс кезіндегі спортшылардың орналасуы:

  • Әрбір спортшы арқанды жалаң қолмен, алақандары жоғары қараған табиғи қалыппен ұстауы тиіс. Арқан спортшының денесі мен қолының жоғарғы бөлігі арасынан өтуі қажет. Арқанның қозғалысына кедергі келтіретін кез келген басқа ұстау тәсілі «құлып» деп есептеледі және ереже бұзушылық болып саналады;

  • Аяқтар тіземен алға бағытталып тұруы керек және спортшылар әрдайым тарту қалпында болуы шарт.

3) «Якорь» спортшысының орналасуы:

  • Командадағы ең соңғы спортшы — «якорь» деп аталады. Арқан оның денесі бойымен өтіп, арқасы арқылы қиғашынан өтіп, қарама-қарсы иығынан алға қарай тартылуы тиіс. Арқанның қалған бөлігі қолтық астынан артқа қарай өткізіліп, еркін салбырап тұруы қажет.

  • «Якорь» спортшы арқанды екі қолмен, алақандары жоғары қараған қалыпта, қолдарын алға соза отырып ұстауы тиіс.

  1. Командалардың қорытынды орындарын анықтау тәртібі

Жарыс қорытындысы бойынша командалар жинаған ұпайларына сәйкес жүлделі орындарға ие болады.

Финалдық кезеңге өтпеген командалар жалпы хаттамада 5-орыннан бастап өздері жарыс барысында жинаған жалпы ұпай санына сәйкес орналастырылады.

Екі немесе одан да көп команданың ұпайлары тең болған жағдайда, жоғары орын келесі көрсеткіштерге сәйкес анықталады:

  1. Жалпы жеңістер саны көп команда;

  2. Тікелей кездесулердің нәтижесінде жеңіске жеткен команда;

  3. Жекелеген тартыстардағы (схваткалардағы) жалпы жеңіс саны көп команда;

  4. Ескерту саны аз команда;

  5. Дисквалификация саны аз команда.

  6. Тәртіптік жазалар

  • Тартыс кезінде «шабуыл сызығынан» (линия атаки) жан-жаққа қадам басу — ереже бұзушылық болып есептеледі. Бұл жағдайда төреші тартысты тоқтатып, ереже бұзған командаға ескерту береді. Бұдан кейін тартыс бастапқы қалыптан қайта басталады.
     Егер команда екі ескерту алса, оған жеңіліс жазылады.

  • Арқандағы белгілерді (таңбаларды) қозғауға қатаң тыйым салынады. Бұл ережені бұзған команда дисквалификацияланады.

  1. Экипировка

Қатысушылар үшін гелий табанды спорттық аяқ киімнің болуы — міндетті талап.

Показать полностью

Жарыс кестесі

    • 28.04.2025
    • Туркестан қ.
    • 09:45-14:00

Место проведения

Место проведения

Түркістан қ., «Olympic center» спорт алаңы https://go.2gis.com/z25ko