Тоғызқұмалақ

Өткізу күндері:
27-28 сәуір, 2025
Өтетін жері:
Түркістан қ., «Olympic center» спорт алаңы

Ережелер мен талаптар

  1. Ойын 7 турдан тұрады. Әрбір ойын 40 минуттан аспауы тиіс, бұл ретте әрбір қатысушыға 20 минуттан беріледі.

  2. Әр команда құрамында 2 ойыншы (1 ер адам және 1 әйел адам) болуы қажет. Команда мүшелері өз жынысына сәйкес қарсыласпен ойнайды. Ережелер ерлер мен әйелдер үшін бірдей.

  3. Ойынның негізгі мақсаты — ойын тақтасында орналасқан отаулардағы құмалақтарды жүріс жасау арқылы мейлінше көп жинап, өз «қазанына» түсіру. Қазанда жиналған құмалақтар жеңіске жетудің негізі болып табылады. Ойыншылар кезекпен жүріс жасайды. Жеребе бойынша бірінші жүрісті алған ойыншы өз қатарындағы кез келген отаудан (біреуінен) барлық құмалақты алып, тек біреуін қалдырып, оларды сағат тіліне қарсы бағытта бір-бірден келесі отауларға салып шығады. Жүріс соңындағы соңғы құмалақ қарсыластың отауына түсуі қажет.

Егер бұл отаудағы құмалақтар саны жұп болса, олар ойыншының қазанына түседі. Келесі жүріс қарсылас ойыншыға өтеді. Егер ойыншының қатарында құмалақ қалмаса, қарсыласы өз қатарындағы барлық құмалақты қазанына жинап алады.

Ойын бір ойыншы 81-ден астам құмалақ жинағанға дейін жалғасады (бұл жағдайда ол жеңімпаз болады), не екеуі де 81 құмалақтан жинаса — тең ойын деп есептеледі.

  1. Ұпай беру тәртібі

  • Жеңіс үшін – 1 ұпай;

  • Тең ойын үшін – әр ойыншыға 0,5 ұпай;

  • Жеңіліс үшін – 0 ұпай.

  1. Екі немесе одан да көп ойыншының ұпайлары тең болған жағдайда, жеңімпаздар Бухгольц коэффициенті бойынша анықталады. Бұл коэффициент — ойыншының қарсыластарының жиған ұпайларының қосындысы (нәтижесіне қарамастан). Яғни, мықты қарсыластармен ойнаған қатысушы жоғары орынға ие болады.

Ойналмаған ойындар (+/–) шартты түрде тең ойын ретінде есептеледі.

  1. Турнирлік кестеде әрбір команданың мүшелерінің жеке нәтижелері мен жалпы командалық нәтижелері көрсетіледі.

Показать полностью

Жарыс кестесі

    • 27.04.2025
    • Туркестан қ.
    • 09:00-15:30
    • 28.04.2025
    • Туркестан қ.
    • 09:45-14:00

Место проведения

Место проведения

Түркістан қ., «Olympic center» спорт алаңы https://go.2gis.com/z25ko